Басты бет › Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған семинар өтті

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған семинар өтті

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған семинар өтті Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған семинар өтті

«МТАЖО» АҚ-ның  Медициналық қызметкерлерінің құзыреттілігін дамыту орталығының ұйымдастыруымен Ұлытау облысының әкімдігінде мемлекеттік қызмет көрсетушілерге арналған Бірыңғай білім базасының (БББ) контентін қалыптастыру және өзектендіру бойынша оқыту өтті.

Оқу бағдарламасы азаматтардың өтініштеріне түсінікті, нақты әрі бірыңғай жауаптар дайындау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Қатысушылар БББ карточкаларын әзірлеу, тексеру және өзектендіру тәртібімен танысып, ақпаратты сапалы ұсынудың негізгі талаптарын меңгерді.

Практикалық сабақтар барысында азаматтардың өтініштерінен қайталанатын сұрақтарды анықтау, өтініш берушінің қажеттілігін айқындау, жауапты мемлекеттік органды белгілеу және өтініштерді дұрыс бағыттау мәселелері қарастырылды.

Оқу барысында Open Almaty және ЕКЦ 109 қызметтеріндегі азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу тәжірибесіне негізделген практикалық кейстер қолданылды.

Аталған семинар азаматтарға мемлекеттік қызметтер туралы толық, өзекті және бірізді ақпарат ұсынуға мүмкіндік береді.