Ұлытау облысында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының өңірлердегі күндері аясында «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» (МТАЖО) АҚ «Денсаулық сақтау саласының топ-менеджерлер мектебі» атты ауқымды білім беру интенсивін өткізді.
Үш күнге жоспарланған онлайн-бағдарлама өңірдің медицина ұйымдарының 40-қа жуық бірінші басшысын біріктірді. Қатысушылар салалық күн тәртібінің негізгі аспектілерін — стратегиялық көшбасшылық пен қаржылық тұрақтылықтан бастап пациент қауіпсіздігі, кадрлық менеджмент және клиникаларды цифрлық трансформациялау мәселелерін егжей-тегжейлі пысықтады.
Семинар барысында озық мамандар өз тәжірибесімен бөлісті. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының доценті Салтанат Орынбасарова стратегиялық басқару құралдарын таныстырды. ҚР ДСМ департамент директоры Лаззат Шоманова қаржылық тұрақтылықтың өзекті аспектілерін ашып көрсетсе, сапа менеджменті жөніндегі сарапшы Айжан Садырбаева пациент қауіпсіздігі стандарттарына ерекше назар аударды.
Әлеуметтік жұмыс пен педиатриялық патронаждағы жаңа бағдарларды ұлттық тренер-оқытушы Динара Есимова презентациялады. ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының Адам ресурстарын басқару бөлімінің басшысы Айя Карсыбекованың назары бас дәрігердің кадрлық саясатына бағытталды. Инновацияларды енгізу бойынша практикалық блокты жасанды интеллект саласының сарапшылары Дархан Қырықбаев пен Әсел Абакова жүргізіп, олар отандық медицина үшін цифрлық шешімдердің стратегиялық маңыздылығын атап өтті.
26, 28 және 31 тамыз күндері өткен «Денсаулық сақтау саласының топ-менеджерлер мектебі» басқару құзыреттерін жүйелі түрде арттыруға, менеджменттің озық стандарттарын енгізуге және өңірдің медицина ұйымдарының ұзақ мерзімді, тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Айта кету керек, тамыз айында Ұлытау және Жетісу облыстарында өткен ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері аясында «МТАЖО» АҚ үш онлайн білім беру іс-шарасын өткізіп, нәтижесінде 250-ден астам денсаулық сақтау саласының маманы өз білімдері мен кәсіби құзыреттерін жетілдірді.