Астанада «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Қаржы департаментінің қызметкерлеріне қаржылық талдау құралдары және оларды қолдану бойынша екі күндік оқыту өткізді.
Екі күндік оқыту барысында қатысушылар қаржылық есептілікті талдау, қаржылық тәуекелдерді бағалау және көрсеткіштерді болжау әдістерімен танысты. Атап айтқанда, рентабельділік, өтімділік және қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін есептеу, ROA және ROE көрсеткіштерін талдау, сондай-ақ қаржыландыру қажеттілігін анықтау мәселелерін қарастырды.
Практикалық сабақтар «Қазақстанның авиациялық қызметі» АҚ қызметінің нақты мысалдары негізінде өткізілді. Қатысушылар компанияның қаржылық есептілігін талдап, басқарушылық шешімдер қабылдауға арналған ұсыныстар әзірледі. Сондай-ақ KASE қор биржасында акциялары немесе облигациялары айналымда жүрген алты қазақстандық компанияның 2025 жылғы аудиттелген қаржылық есептілігі негізінде салалық ерекшеліктерін қарастырды.
Оқыту бағдарламасын қаржылық талдау және инвестициялар саласындағы тәуелсіз сарапшы Темерлан Беков жүргізді. Ол - Purdue University (АҚШ) түлегі, CFA Level II сертификатына үміткер және қаржы нарығы мен инвестициялық талдау саласында 11 жылдан астам тәжірибесі бар сарапшы.