Басты бет › Астанада корпоративтік басқару және тәуелсіз директорлардың кәсіби құзыреттерін дамыту мәселелері...

Астанада корпоративтік басқару және тәуелсіз директорлардың кәсіби құзыреттерін дамыту мәселелеріне арналған семинар өтті

Астанада корпоративтік басқару және тәуелсіз директорлардың кәсіби құзыреттерін дамыту мәселелеріне арналған семинар өтті Астанада корпоративтік басқару және тәуелсіз директорлардың кәсіби құзыреттерін дамыту мәселелеріне арналған семинар өтті

Астана қаласында 10–11 қараша күндері «МТАЖО» АҚ ұйымдастыруымен «Тәуелсіз директор. Табысты мансап» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара басқарушылық қзыреттерді дамытуға және корпоративтік басқарудың заманауи тәсілдерін меңгеруге бағытталды.

Оқу бағдарламасына «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық  холдингі» АҚ-ның өкілдері, оның ішінде адами ресурстарды басқару, корпоративтік өзара іс-қимыл және корпоративтік хатшы қызметінің бағыттарына жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен өкілдері қатысты.

HR, стратегиялық басқару және ұйымдық даму саласындағы сарапшы Марьям Абельдинова корпоративтік басқару қағидаттары, директорлар кеңесінің стратегиялық рөлі, акционерлердің құқықтары мен басқарушылық жауапкершілік мәселелерін қамтыды.

Сонымен қатар цифрлық трансформация, жасанды интеллект, стратегиялық тәуекелдер мен корпоративтік мәдениет мәселелері талқыланып, қатысушылар басқарушылық шешімдер қабылдау, инвестициялық жобаларды бағалау және стратегиялық мақсаттарды KPI көрсеткіштеріне айналдыру бойынша практикалық тапсырмалар орындады.