Басты бет › Астанада PR және коммуникациялар бойынша семинар өтті

Астанада PR және коммуникациялар бойынша семинар өтті

Астанада PR және коммуникациялар бойынша семинар өтті Астанада PR және коммуникациялар бойынша семинар өтті Астанада PR және коммуникациялар бойынша семинар өтті Астанада PR және коммуникациялар бойынша семинар өтті Астанада PR және коммуникациялар бойынша семинар өтті Астанада PR және коммуникациялар бойынша семинар өтті Астанада PR және коммуникациялар бойынша семинар өтті Астанада PR және коммуникациялар бойынша семинар өтті Астанада PR және коммуникациялар бойынша семинар өтті Астанада PR және коммуникациялар бойынша семинар өтті

Астанада «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ ұйымдастыруымен PR, медиа, SMM және дағдарыстық коммуникациялар тақырыбында екі күндік семинар өтті.

Семинарға ҚР Президенті Іс басқармасына қарасты ұйымдардың баспасөз хатшылары, SMM мамандары мен PR-менеджерлері қатысты.

Оқыту барысында қатысушылар коммуникациялық стратегия әзірлеу, БАҚ-пен жұмыс істеу, сұхбатқа дайындалу, беделдік тәуекелдерді басқару және дағдарыстық жағдайларда жедел әрекет ету тәсілдерін меңгерді. Сонымен қатар әлеуметтік желілерді жүргізу, контент-жоспарлау, жасанды интеллект құралдарын пайдалану және мобильді түсірілім бойынша практикалық дағдыларын жетілдірді.

Семинар спикерлері:

Акерке Берлібай — PR және медиа кәсіпқойлары қауымдастығының (APRM) төрайымы, PR-технолог және бренд-стратег.

Айнұр Джумадилова — ҚР Ұлттық Банкінің Ақпарат және коммуникациялар департаменті директорының орынбасары.

Маралдым Бектұрғанова — ҚР Президентінің Телерадиокешенінің Digital ілгерілету дирекциясының басшысы.

Бақдәулет Қарлыбай — ҚР Президентінің Телерадиокешенінің  контент-мейкері.

Семинар кәсіби тәжірибе алмасуға, заманауи коммуникациялық құралдарды тиімді қолдануға және ұйымдардың ақпараттық жұмысы мен қоғамдық беделін нығайтуға бағытталды