«Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ ұйымдастыруымен «Медициналық минимум көлемінде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша дайындау және білімді тексеру» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында алғашқы медициналық көмекті ұйымдастырудың негізгі қағидалары, шұғыл жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері, жүрек тоқтаған кезде көрсетілетін көмек және базалық жүрек-өкпе реанимациясы қарастырылды.
Сонымен қатар электр жарақаты, тыныс алу жолдарына бөгде зат түсуі, қан кету, күйік, естен тану, суға кету, жедел инфаркт пен инсульт, жол-көлік оқиғалары, сынықтар, буын шығуы және созылу кезіндегі алғашқы көмек көрсету мәселелеріне назар аударылды.
Семинарды жедел және шұғыл медициналық көмек саласының тәжірибелі маманы, жоғары санатты дәрігер, терапевт және кардиолог Маржан Мусабаева жүргізді. Лектордың кәсіби даярлығы халықаралық тәжірибемен ұштасқан: ол Израильде BLS, ASLS және PALS бағдарламалары бойынша оқудан өтіп, халықаралық сертификаттар алған.
Оқу бағдарламасының қорытынды кезеңінде қатысушылар меңгерген білімдерін бекіту мақсатында қорытынды тестілеуден өтті және оларға сертификат табысталды.