Басты бет › «МТАЖО» АҚ-да банкроттық және оңалту мәселелері бойынша семинар өтті

«МТАЖО» АҚ-да банкроттық және оңалту мәселелері бойынша семинар өтті

«МТАЖО» АҚ-да банкроттық және оңалту мәселелері бойынша семинар өтті «МТАЖО» АҚ-да банкроттық және оңалту мәселелері бойынша семинар өтті «МТАЖО» АҚ-да банкроттық және оңалту мәселелері бойынша семинар өтті

Астанада «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның еліміздегі барлық өңіріндегі филиалдарынан келген қызметкерлеріне «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ ұйымдастыруымен «Заңды және жеке тұлғалардың банкроттығы және оңалтуы» тақырыбында семинар өтті.

Екі күндік семинар барысында мамандар банкроттық және оңалту рәсімдерін реттейтін қолданыстағы заңнама талаптарын, сондай-ақ оларды тәжірибеде қолдану ерекшеліктерін қарастырды. Атап айтқанда, берешекті қайта құрылымдау, соттан тыс және сот арқылы банкроттық, оңалту рәсімдері, санация, кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру және кредиторлар жиналысын өткізу тәртібі талқыланды. Сонымен қатар уақытша және оңалту басқарушыларының қызметі, атқарушылық іс жүргізу, банкротты тарату, бітімгершілік келісім жасау және сот практикасына қатысты мәселелер қарастырылды.

Оқу бағдарламасын заңгер, оқытушы, ғалым, заңды тұлғаларды оңалту және банкроттық саласының маманы Руслан Султанов және сондай-ақ Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Алия Кусманова жүргізді.

Лекторлар қатысушыларға теориялық біліммен қатар,  практикалық бөлімде нақты жағдайларды талдап, алған білімдерді кәсіби қызмет барысында қолдану мүмкіндіктерін пысықтады.