1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ-да мекеменің ардагер қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.
Іс-шара барысында ұйымның қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан, ұзақ жылдар бойы абыроймен еңбек еткен ардагерлерге алғыс білдіріліп, ізгі тілектер айтылды.
Кездесу аға буын өкілдерінің еңбек жолын дәріптеп, олардың мол тәжірибесі мен кәсіби үлгісінің кейінгі буын үшін маңызын атап өтуге бағытталды.
Мерекелік шара аясында ардагер қызметкерлер үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейіне экскурсия ұйымдастырылды. Қонақтар музей экспозицияларымен танысып, еліміздің жаңа тарихына қатысты құнды деректер мен тарихи жәдігерлерді тамашалады.