Басты бет › Маңғыстауда денсаулық сақтау саласының топ-менеджерлеріне арналған шеберлік сағаты өтті

Маңғыстауда денсаулық сақтау саласының топ-менеджерлеріне арналған шеберлік сағаты өтті

Маңғыстауда денсаулық сақтау саласының топ-менеджерлеріне арналған шеберлік сағаты өтті

 

Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы күндері аясында АО «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» ұйымдастыруымен «Денсаулық сақтау саласындағы топ-менеджерлер мектебі» сабағы өтті.Онлайн форматта өткен оқуға денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарлары қатысты.

Шеберлік сағаты барысында медициналық ұйымдарды тиімді басқару, пациенттердің қауіпсіздігі мен медициналық көмектің сапасын арттыру, адам ресурстарын басқару және денсаулық сақтау саласын цифрлық трансформациялау мәселелері қамтылды.

Семинарда денсаулық сақтау саласындағы сапа менеджменті және аккредиттеу бойынша сарапшы Айжан Садыбаева медициналық қызметтердің сапасын арттыру, аккредиттеуге дайындық және ұйымдардағы басқару процестерін жетілдіру бойынша практикалық тәсілдермен бөліссе, жасанды интеллект, AI-регламенттеу және денсаулық сақтауды цифрлық трансформациялау саласындағы сарапшы Дархан Қырықбаев денсаулық сақтау саласын цифрландыру және жасанды интеллектіні қолданудың заманауи тәсілдері туралы айтып өтті. Сондай-ақ, операциялық және дағдарысқа қарсы басқару, бизнесті масштабтау саласындағы сарапшы Ислам Жалпанов медициналық ұйымдарды тиімді басқару және бизнес-процестерді жетілдіру мәселелеріне тоқталса,  коммуникациялар және ықпал ету бойынша сарапшы Дамир Амантай тиімді коммуникациялар, күрделі келіссөздер жүргізу, фасилитация және манипуляциялардан қорғану тақырыптарына тоқталды.