29–30 қыркүйек күндері «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ ұйымдастыруымен бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және экономикалық сараптау мәселелері бойынша «Qazaqstan investment corporation» АҚ қызметкерлеріне арналған семинар өтті.
2 күнге созылған семинардың мақсаты бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және іске асыру саласында қызмет атқаратын мамандардың кәсіби құзыретін арттыру, сондай-ақ инвестициялық жобалардың қаржылық-экономикалық негіздемесін сапалы әзірлеу бойынша практикалық білім беру.
Семинар барысында бюджеттік инвестицияларды әзірлеудің нормативтік-құқықтық негіздері, қаржыландыру көздері, инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау, сондай-ақ қаржылық-экономикалық негіздемеге өзгерістер енгізу тәртібі қарастырылды. Қатысушылар әлеуметтік-экономикалық тиімділікті бағалау, жобалардың нәтижелерін есептеу және оларды салалық даму басымдықтарына сәйкестігін айқындау бойынша практикалық тапсырмалар орындады.
Іс-шараны инвестициялық жобаларды басқару, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, бюджеттік инвестициялар және қаржылық-экономикалық талдау бағыттарындағы сарапшы Алма Исина жүргізді. Оның мемлекеттік-жекешелік әріптестік, инвестициялық жобаларды бағалау және қаржылық-экономикалық талдау салаларында мол тәжірибесі бар. Халықаралық деңгейдегі бірқатар сертификаттарға, соның ішінде PRINCE2, IPMA және ESG бағыттары бойынша сертификаттарға ие.