Басты бет › Денсаулық сақтаудағы заманауи және инновациялық тәсілдер бойынша семинар өтті

Денсаулық сақтаудағы заманауи және инновациялық тәсілдер бойынша семинар өтті

Денсаулық сақтаудағы заманауи және инновациялық тәсілдер бойынша семинар өтті Денсаулық сақтаудағы заманауи және инновациялық тәсілдер бойынша семинар өтті Денсаулық сақтаудағы заманауи және инновациялық тәсілдер бойынша семинар өтті Денсаулық сақтаудағы заманауи және инновациялық тәсілдер бойынша семинар өтті Денсаулық сақтаудағы заманауи және инновациялық тәсілдер бойынша семинар өтті

«МТАЖО» АҚ Медицина қызметкерлерінің құзыреттерін дамыту орталығы ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының қызметкерлеріне «Мультидисциплинарлық команда мамандарының практикасындағы денсаулықты сақтайтын және инновациялық медициналық-әлеуметтік технологиялар» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында қатысушылар халық денсаулығын сақтаудың заманауи тәсілдерімен, медициналық-әлеуметтік технологияларды тәжірибеге енгізудің тиімді жолдарымен танысты. Сонымен қатар медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) көрсететін мамандардың өзара тиімді іс-қимылы, мультидисциплинарлық команда мүшелерінің бірлескен жұмысы және пациентке бағытталған медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.

«Аурудың алдын алу – денсаулықты сақтаудың негізгі бағыттарының бірі. Ерте анықтау, жүйелі бақылау және уақтылы шара қабылдау асқыну қаупін азайтып, пациенттің өмір сапасын арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті МСАК, дәлелді медицина және созылмалы ауруларды басқару  саласының сарапшысы, семинар лекторы Гульнара Камалбекова.