2026 жылға арналған ақпараттық қауіпсіздік мамандарының біліктілігін арттыру жоспары аясында «Ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару. ISO/IEC 27005» бағдарламасы бойынша оқыту өтті.
2–4 қыркүйек аралығында өткен оқуға ҚР Президенті Іс басқармасына қарасты ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздік мамандары қатысып, 24 академиялық сағатқа жоспарланған бағдарлама аясында теориялық білім мен практикалық тапсырмаларды меңгерді.
Оқыту барысында қатысушылар заманауи ақпараттық қауіптерді анықтау, тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану, ISO/IEC 27001:2022 стандартының талаптары мен оның 2015 жылғы нұсқасынан айырмашылықтарын зерделеу, сондай-ақ ақпараттық активтер мен тәуекелдерді бағалау, СУИБ негізгі құжаттарын әзірлеу және ішкі аудит рәсімдерін меңгеру бойынша теориялық және практикалық тапсырмаларды орындады.